Елімізде көше атауларын өзгертуге қатысты мораторий енгізілмек
Елімізде 1 мамырдан бастап елді мекендердегі көшелерді, аудандарды, алаңдар мен даңғылдар атауын өзгертуге уақытша мораторий енгізу жоспарланып отыр. Ұсынысты премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссия отырысында мақұлдады, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Санақты сапалы өткізу үшін комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктер құру, жою және қайта құру туралы ұсыныстар бойынша және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атауға қатысты 2021 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығына мораторий енгізу орынды ма, деген мәселені қарады», – делінген арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша хабарламада.
Бірінші вице-премьер ұсынысты мақұлдап, Ұлттық статистика бюросына Президент әкімшілігіне тиісті хат жолдауды тапсырды.