BasNewsЖаңалықтар

Синоптиктер еліміздің батысы мен солтүстігінде күн суытады деп болжайды

Қазақстанның батысы мен солтүстігінде 16-18 ақпанда күн суытады, – деп хабарлайды BasNews.kz «Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдің батыс және солтүстік бөліктерінде ауа температурасының төмендеуіне суық ауа массалары бар солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді.

«17-18 ақпанда Түрікменстандағы оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік аймағының оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстік бөліктеріне көшеді. Ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі, елдің солтүстігі мен батысында қарлы боран болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады», – деп хабарлады синоптиктер.

Back to top button