BasNewsЖаңалықтар

Brent мұнайының бағасы 63 доллардан асты

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2020 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет 63 доллардан асты, деп хабарлайды BasNews.kz.

Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны 1,31 пайызға өсіп, барреліне 63,27 долларға дейін өсті.

Соңғы мәрте барреліне 63,3 доллардан Brent маркалы мұнайдың бағасы 2020 жылдың қаңтарында белгіленген еді.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05:21-де Brent маркалы мұнайдың баррелі 63,3 доллардан сатылды.

WTI мұнайы фьючерсінің бағасы 1,4 пайызға артып, 60,2 доллардан сатылды.

Back to top button