BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус: Бір облыс – «қызыл», 5 өңір – «сары» аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.

18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір облысы ғана «қызыл» аймақта қалған. Ол – Павлодар облысы.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары тұр.

Қалған өңірлердің бәрі – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

 

Back to top button