BasNewsЖаңалықтар

Алматыда мас күйінде экскаватормен жұмыс істеген жүргізуші ұсталды

Алматыда мас күйінде жұмыс істеген экскаватор жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Алматы полициясы 51 жастағы азаматты индустриалды аймақта ұстады. Оның іс-әрекеті бірден күдік тудырған.

«Оның қатты қобалжығаны білінді, алкогольдің иісі шығып тұрды. Біздің күдігімізді сот-наркологиялық сараптама растады. Ұсталған азамат ішімдік ішкен. Жүргізуші ауыр құрылыс техникасын басқарудан шеттетілді»,- дейді Алатау аудандық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бәукен Байымбетов.

Ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

 

Back to top button