BasNewsЖаңалықтар

Зейнетақы жинағынан емделу үшін ақша алу: портал қашан ашылатыны айтылды

Зейнетақы жинағынан емделуге ақша алуға өтініш беру үшін арнайы портал 25 ақпаннан бастап істейді, – деп хабарлайды BasNews.kz.

«Зейнетақы жинағынан емделуге ақша алу үшін арнайы портал 25 ақпанда жұмыс істей бастайды. Қазір механизмдері нақтыланып жатыр», – деді «Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимова ОКҚ онлайн-брифингте.

Банк төрайымы шетелде емделгісі келетіндерге механизмдер наурыздың басында дайын болатынын айтты.

«Наурыздың басында шетелдік ұйымдармен жұмыс істеу мүмкіндігін бастаймыз. Бұл жерде конвертация мәселесі тұр. Өтініш берген қазақстандықтардың ақшасы БЖЗҚ-дан тек теңгелей түседі. Конвертация мерзімін шетелдік медициналық мекемемен келісімшарт жасағаннан кейін таңдау керек. Себебі келісімшарт жасалғанға дейін орындалса (ақша аударылса – еск.), онда медициналық ұйым қабылдамай қойса, билет болмай қалса және тағы басқа шектеулер болып қалса, клиенттердің валюталық айырмадан ақшасы азайып қалмауы үшін конвертацияны келісімшарт жасағаннан кейін жасаймыз», – деп түсіндірді «Отбасы банк» төрайымы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың зейнетақ жинағындағы бөлігін үй алуға, емделуге және қаржы ұйымдарының басқаруына беруге рұқсат беру туралы арнайы тапсырма берген еді. 23 қаңтардан бастап қазақстандықтан үй алу, ипотекасын төлеу үшін зейнетақы жинағының бөлігін алып жатыр.

 

Back to top button