BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус: Еліміз бойынша «қызыл» аймақта қалған өңір жоқ

Денсаулық сақтау министрлігі 20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.

20 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы «қызыл» аймақта жоқ.

Бірнеше күннен бері «қызыл» аймақта жалғыз өзі тұрақтап қалған Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты.

«Сары» аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі – «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Back to top button
Close