Жаңалықтар

Интернет пен БАҚ беттеріндегі қауесет салдарынан жиі заңсыз шешімдер қабылдануда

Интернет пен БАҚ беттеріндегі қауесет салдарынан жиі заңсыз шешімдер қабылдануда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кибербуллингпен күрес ғаламтор дамыған сайын көбеймесе азаймай тұр. Өйткені, түрлі қудалау, жала жабу, диффармациялық қол сұғушылық сияқты актілер кездеседі. Кибербуллингке арналған брифинг барысында мамандар бұл мәселені кеңінен талқылады. Негізінен мұндай жайттарға көбіне мемлекеттік институттар, сот, құқық қорғау жүйелері тап болады екен. Ал, мұның алдын алу үшін түрлі жұмыстар жасалуы тиіс дейді. Кейде тіпті, әлеуметтік желі мен БАҚ беттеріндегі өсектің кесірінен заңсыз шешімдер де шығып жататындығын алға тартты.

«БАҚ және әлеуметтік желілердің мұндай қысыманан кейін заңсыз шешімдердің шығуы ғажап емес. Сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен ақпараттар көп жағдайларда заңды тұлғаның атауын да назарсыз қалдырмайды. Ал, ол болса құзіретінде сондай мекеменің іскерлік беделіне задал келтіретіні анық», дейді жиында сөз сөйлеген заңгер Қымбат Демеубаева.

Back to top button