BasNewsЖаңалықтар

«Елорда жастары» бағдарламасы қай санаттағы жастарға арналған

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл тұрғын үй кімге, қандай жастарға, яғни қандай сала қызметкерлеріне беріледі? Жақында Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты негізгі талаптарды бекітеді. Жалпы тұжырымдама бойынша басты талап – жасы 35-тен аспауы тиіс. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кезекке тұра алмайтын жастар санаттары қарастырылуда. Бүгінгі тұжырымдамада БАҚ өкілдері, бюджет саласының қызметкерлері – полицейлер, мұғалімдер, мәдениет, әлеуметтік сала қызметкерлері бар, бұл тізім әлі де толықтырылады.

«Отбасы банкінің» ұсынысы бойынша бағдарламаға IT-саласы қызметкерлерін қосу ұсынылып отыр», – деп түсіндірді Жансұлтан Матай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының наурыз айында басталатынын хабарланған еді.

Сонымен бірге «Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттай ма?» деген сұраққа жауап берген еді.

Back to top button