BasNewsЖаңалықтар

«Қайырымдылық жүректі жылытар». Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаты дәстүрлі сенбілік өткізді

Осы жолғы дәстүрлі сенбілік аясында елордада тұратын жалғызбасты қарттардың тұрғын үй аулалары қардан тазартылды. Қарды тазалауға арнайы құрал-жабдықтар бөлініп, межеленген тұрғын үй аулалары көпшілік күшімен көктем айына сақадай-сай әзір болды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясысының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты-жалғызбасты қарттарға қолдау көрсету, жас ұрпақтарды еңбекке баулу және оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Тұрғын үй аулалары қардан тазарған зейнеткерлердің еңбек жолына зер салсақ, олар кезінде осы бас қалада түрлі салада қызмет атқарған. Дәрігер, құрылысшы, ұстаз және тағы басқа мамандықтар бойынша абыройлы қызмет жасап, лайықты марапаттарды иеленген екен.

Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаты өкілдері қамқорлықты қажет ететін қарттарға қол ұшын созуды әрдайым назардан қағыс қалдырған емес. Олар елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірлесіп, жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тұрғындарына да қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.  Бұл орталықта тағдырдың тауқыметімен қиындыққа кезіккен қарттар, сондай-ақ жаны мен сырқтына шипа іздеген азаматтар тұрады.

Қорыта айтқанда,  қайырымдылық жасау арқылы жүректерге жылылық сыйлап жүрген Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері көпшілік алғысына бөленуде.

 

 

 

 

Back to top button