BasNewsЖаңалықтар

Еліміздегі бір облыс толығымен карантинге жабылды

Шығыс Қазақстан облысы коронавирус таралуына байланысты толығымен жабылды. Сонымен қатар, аймақта карантин 15 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ШҚО бас мемлекеттік санитария дәрігері Қанат Тұрдиевтің жаңа қаулысында айтылған.

«Растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін», – делінген қаулыда.

Мына адамдардың облысқа кіріп-шығуына рұқсат берілген:

  • халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтердің қызметкерлері;
  • медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;
  • карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;
    транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар;
  • Тұрақты тұрғылықты жеріне оралған адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);
  • вахталық қызметкерлерді және басқа да санаттағы адамдарды тасымалдайтын машиналар. Олардың толық тізімін мына сілтемеден іздеңіз.
Back to top button