BasNewsЖаңалықтар

Жер комиссиясының бірінші отырысында 55 ұсыныс айтылған

Жер реформасы комиссиясының бірінші отырысында комиссия мүшелері тарапынан 55 ұсыныс айтылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының екінші отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында комиссия мүшелері тарапынан 55 ұсыныс айтылды. Оның ішінде 15-і – құқықтық сипатта, 29-ы – экономикалық сипатта, 11-і ұйымдастыруға қатысты сұрақтар болды. Барлық ұсыныс жұмыс тобында комиссия мүшелерінің, жауапты мемлекеттік органдардың, сала мамандарының қатысуымен жан-жақты қаралды. Бірқатар сұрақтар бойынша нақты шешімдер жобасы әзірленді. Бүгін жүргізілген жұмыстың қорытындысын талқылаймыз», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жиында.

Еске сала кетсек, жер реформасы комиссиясының екінші отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылдап, нүктесін қойғанын айтқан болатын.

Back to top button