BasNewsЖаңалықтар

Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 млн 74,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9% – Қытайдан, 5,8% – Түркіменстаннан, 3,0% – Моңғолиядан және 3,6% – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (32,6%), Түркістан (16,5%) және Маңғыстау (14,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0%) және Нұр-Сұлтан (5,4%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,1%-ды және зейнеткерлер 16,0%-ды құрайды.

Back to top button