BasNewsЖаңалықтар

Елордада вациналау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі

Вакцинация адамдардың бір мезгілде көп жиналуын болдырмау және қала тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау үшін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Вакцинация адамдардың бір мезгілде көп жиналуын болдырмау және қала тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау үшін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Бұл вакциналарды медициналық мекемелер арасында біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Жасына байланысты шектеулер мен медициналық көрсеткіштерді ескере отырып, 600 мыңнан астам тұрғын вакцинациялауға жатады. Тек сәуір айында ғана Денсаулық сақтау министрлігі (СҚ-Фармация) 280 мыңнан астам доза вакцина жеткізуді жоспарлап отыр», – деді Алтай Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, біріншіден егу пункттерінің саны үш есеге жуық – 36-дан 100-ге дейін өсті. Бұл – алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары: емханалар, отбасылық денсаулық орталықтары, дәрігерлік амбулаториялар және т. б. Вакцинация пунктерінің жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды.

Екінші. Вакцинаны алғысы келетіндердің бәрі өтініш қалдыра алады. Емханаға тіркелу орны бойынша алдын ала жазылу керек. Денсаулық сақтау басқармасының сайтында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының байланыс нөмірлері, мекенжайлары көрсетілген тізім жарияланды.

Үшінші. Екпе алуға жазылу Damumed мобильді қосымшасы арқылы да жүзеге асырылады. Қосымшада пациенттің жеке кабинеті арқылы учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу және ескертпеде КВИ-ға қарсы екпе алғысы келетінін көрсету жеткілікті.

Аптаның соңына дейін медициналық мекемелер вакцинацияға ниет білдірушілерді тіркейді, апта соңында вакцинациялауға кіріседі.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі жақында «электрондық үкімет»порталында вакцинациялауға еліміз бойынша орталықтандырылған өтінімдерді қабылдауды іске қосады (egov.kz). Онда «вакцинацияға жазылу» жеке қойындысы болады.

Төртінші. Медициналық мекемелер екпе алғысы келетін барлық тұрғындарды қабылдауға дайын. Дегенмен Mega Silk Way СОО сияқты бірқатар сауда-ойын-сауық орталықтарының инфрақұрылымын дайындадық. Сонымен қатар, қаладағы қонақүйлер де дайын. Қажет болған жағдайда, вакцинация пункттерін сол жерде де орналастыруға болады.

Back to top button
Close