BasNewsЖаңалықтар

Ауылдағы балалар футболын қолдауға шақырамыз!

Құрметті қазақстандықтар!

«Арман Ауыл» қайырымдылық қоры #АуылФутбол жобасының аясында ауылдық командаларға қаржылай көмек көрсету үшін қаражат жинау науқанын бастады!

Командаларға бірінші кезекте жаттығуға арналған жабдықтар мен спорттық киім қажет.

Әлеуетті демеуші қаражаттың қалай жұмсалатынын білуге құқылы. Сондықтан біз демеушілік көмек алатын командаларға қойылатын талаптар тізімін жасадық:

1. Команда міндетті түрде ауылдан болуы тиіс. Қалалар мен аудан орталықтары есептелмейді;
2. 10 жасқа толмаған балалардың саны 10-нан кем болмау керек немесе жалпы саны 50 пайыздан кем болмау керек;
3. Команданың Инстаграм немесе Тик-Ток әлеуметтік желілерінде парақшалары болуы міндетті;
4. Команданың материалдық жауапты жаттықтырушысы немесе жетекшісі болуы тиіс.

Қызығушылық танытқан демеушілер Қор шотына ақша аудару арқылы немесе командаға тікелей жабдықтарды алып беру арқылы көмек көрсете алады.

Біз барлық әлеуетті демеушілердің сұрақтарына жауап беруге дайынбыз!

Біз еліміздің әртүрлі түкпірлеріндегі командалар және демеушілер мен меценаттардан келетін ұсыныстар жайлы талқылауларды жүргізуге дайынбыз!

Біз қаражаттың ашық жұмсалатынына кепіл береміз!

Ауыл балаларына бірге көмек берейік!

Біз кез келген көмек түрін қабылдауға дайынбыз!

Байланыс тәсілдері:

Электрондық пошта novoekz@gmail.com

Ұялы телефон: 8 777-721-68-08 Whats App

Жобаның инстаграм желісіндегі парақшасы — #АуылФутбол

Жоба жетекшісі Серік Мәмбетов

ҚОР РЕКВИЗИТТЕРІ

«Арман Ауыл» жеке қоры
040923, Алматы облысы,
Қарасай ауданы,
Райымбек ауылы, Еламан көшесі, 1 А
+7 705 308 07 67
ИИК: KZ 599 652 7F0 008 346 099
АО «ForteBank» Қаскелең бөлімшесі
БИК IRTYKZKA
БИН: 200940016307

Back to top button