BasNewsЖаңалықтар

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы онлайн режимде өтті. Іс-шараға кеңес мүшелері мен «АNA TIME»жобасының өкілдері қатысты. Модератор ретінде Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова сөз сөйледі, деп хабарлайды BasNews.kz.

Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан психологтар одағының төрайымы, Ph.D психология докторы, гештальт-терапевт Алтынай Тәңірбергенова және «Nur Otan» партиясы жанындағы балалар құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі Гүлзат Асанова қатысты. Қатысушылар этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі модельдік ведомствоаралық жоспардың іске асырылуына қатысты маңызды тақырыптарды талқылады. Сондай-ақ, «ANA TIME»әлеуметтік жобасын іске асыру қорытындысы шығарылды. Бұған қоса «ALTYN BALA»әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті.

– Жоба біздің ынтымақтастығымызды кеңейтуге, байланысымызды нығайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға ниетті әрі рухты аналар үшін қолайлы бизнес ортаны құруға мүмкіндік берді. Бағдарламаны іске асыру алдында әр нәзік жанмен психологтар үлкен жұмыс жүргізді. Әрбір қатысушы психологиялық диагностикадан өтті, бұл оның қазіргі мүмкіндіктерін анықтауға, сондай – ақ оның жеке басының даму жоспарын белгілеуге мүмкіндік берді, – деп атап өтті Гүлзат Асанова.

«ANA TIME» әлеуметтік жобасы аудиториясының мақсаты-аналар өмірінде кездесетін әлеуметтік ортадан тыс әртүрлі дағдарысты жағдайларға байланысты қолайлы жұмыс істеулеріне мүмкіндік жасау. Жобаны іске асыруға үш негізгі кезең қарастырылған. Олардың әрқайсысында аналар белгілі бір білімді меңгеріп, өнегелі дағдылар туралы біліп шығады.

– Белгілі кезеңдер оқытуды, жаңа дағдыларды игеруді қамтиды. Психологтар қатысушылармен бірге дағдарыстық жағдайдан шығудың жолдарын іздейді. Бұл жерде бірінші кезектегі проблемалардан туындайтын жәйттер аналардың білімі мен жалпы олардың ақпараттарды меңгеруіне қатысты болып отыр, – дейді Гүлзат Асанова.

Жоба ұйымдастырушыларының атап өткеніндей, олар игілікті бизнес орталығын құрып қана қоймай, әйелдердің үй жағдайында да өнімдер жасауына қол жеткізген. Соның нәтижесінде өзгеше бір қауымдастық құрылып отыр екен.

Бұл жоба мақсатты аудиториясы бар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік берді және алғашқы қадамдар өз жемісін беруде. Осы арқылы аналарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жол ашылып, ұзақ уақыт бойы олардың тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасалды.

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы осындай мағыналы іс-шараларды өткізу арқылы аудиторияны неғұрлым кеңінен қамтуға және талқыланатын проблемалық мәселелерге барынша адамдардың көп қатысуына мүмкіндік жасауда. Бұл өз кезегінде халықтың қоғамдағы әлеуметтік саясат туралы ақпараттармен таныс болуына негіз қалап отыр.

Back to top button