BasNewsЖаңалықтар

Еліміздегі 8 өңір әлі де коронавирус бойынша «қызыл» аймақта

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.

11 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта.

Back to top button