Жаңалықтар

Алматыда түнде дрифт жасаған жүргізуші жазаланды

Алматыда түнде дрифт жасаған жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды BasNews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Instagram желісінде қараңғы уақытта жүргізушінің қатты жылдамдықпен қауіпті маневрлер жасаған кезі түсірілген видео пайда болған.

https://youtu.be/eZRVHL-Ct4c

Жергілікті полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерден жол қозғалысы ережелері мен азаматтардың тыныштығын өрескел бұзу дерегі түсірілген видеодағы құқық бұзушыны анықтап, оны жауапқа тартты.

«Бұл 1999 жылы туған Шамиль Жұмфаев болып шықты. Ол метро бекетінің алдындағы аймақта, Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысында BMW маркалы автокөлікпен заңбұзушылық жасаған. Тексеру кезінде де Жұмфаевтың бұған дейін де жол жүрісі ережелерін бұзғаны, оның ішінде жылдамдық асырғаны анықталды. Оның жалпы сомасы 197 мың 727 теңге тоғыз жол ережесін бұзғаны үшін қарызы бар», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Back to top button