Жаңалықтар

Алматыда 11 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 10 924 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды  BasNews.kz.

«14 сәуір күні 10 924 алматылық вакцина салдырды. Бүгінгі күні қалада 68 330 доза вакцина қалды», – деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 15 сәуір аралығында 108 069 адамға екпе салынды.

Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 000-нан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.

Бүгінгі күні 203 пункт жұмыс істеп жатыр. 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев к-сі) вакциналау пункті ашылды. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Back to top button