BasNewsЖаңалықтар

“Қызыл” аймақтағы өңірлерге тағы бір шектеу енгізілді

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Құжат аясында «Ішкі және халықаралық авиарейстердегі карантиндік талаптар туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 71 қаулысына бірқатар өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, тәуекелі жоғары қауіпті (қызыл аймақ) өңірлеріндегі әуежайлар ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеу ұйғарылды.

Одан бөлек, «Қазақстан Республикасындағы темір жол қатынастарында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 55 қаулысына тәуекелі жоғары қаупті (қызыл аймақ) өңірлеріндегі теміржол вокзалдары ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеу жазылған.

Back to top button
Close