BasNewsЖаңалықтар

Алматыда көпқабатты үйдің күзетшісін атқан адамды полиция іздеп жатыр

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Куәгерлер оқиға болған жерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратуда.

Бейнежазбада «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде ер адамға мылтықтан оқ атылғаны айтылады.

Полиция департаментінің мәліметінше, Тұрғын үй кешенінің күзетшісі («Бұхар Жырау Тауэрс») мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы, алдын ала мәлімет бойынша, аңшылық мылтықтан жараланған. Ол ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер күдіктіні іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Back to top button