BasNewsЖаңалықтар
Коронавирус: Еліміздегі қай өңірлер «қызыл аймақта»?

Еліміз бойынша 24 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына қарағанда 10 өңір «қызыл аймақта» қалып отыр, деп хабарлайды BasNews.kz Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.
«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.
«Жасыл аймақта» Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы ғана.
Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан.