BasNewsЖаңалықтарПікір

Берік Қадыров: Еліміздегі ірі банктердің басшылары біздің оқу орнының түлектері!

Еліміздегі білім саласындағы түйткілдер жайлы Қазақстан Инновациялық Академиясының ректоры Берік Қадыровтың «Қасқа жол» YouTube арнасына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

– Берік Қайыпқанұлы өзіңіз басқаратын Қазақстан Инновациялық Академиясының түлектері негізінен Қаржы министрлігіне қарасты мекемелерде жұмыс жасайды екен. Мысалы, салық комитетінің неше пайызы қамтылған?

– Қазір оны нақты басып айта алмаймыз. Бізде өндірісті тәжірибеге жібірілетін студенттердің басым бөлігі салық комитетін таңдайды. Салық комимитетіне және банктерге барады.

– Қазақстанда ірі банктердің басшылары, жауапты мамандарының көбі осы ҚИА түлектері. Қай банктерде басшылық қызметте отыр?

– Семей өңірі бойынша Хоум Банк, Банк Центр Кредит  мамандарының жартысынан көбі біздің оқу орнын бітірген түлектер. Оның ішінде бөлім басшылары, қаншама жетекші мамандар бар. Банк Центр Кредит біздің академияның «Бизнес және басқару кафедрасының» филиалы болып табылады. Бізде сабақ беру барысында әртүрлі өндірістік тәжірибе бойынша студенттермен тығыз қарым-қатынаста. Тәжірибеден өту барысында ол банк бізге ұсыныстар жасайды.

– Қаржы саласында академияның үздік болу себебінің құпиясы қандай? Оқу орнында қандай мамандар сабақ береді?

– Біз қаржы саласында басымдық танытудың бір себебі өзіміздің мамандықтарымыз бойынша қаржы мекемелерімен тығыз қарым қатынаста болумыз. Біздің академиялық дербестікке байланысты әрбір оқу орын өзінің оқу бағдарламасын жасайды. Ішінде қандай пәндер болу керек, қандай құзыреттіліктерін қамтамасыз ету керек, соның барлығы  жұмыс беруші мен студенттерді қатыстыра отырып құрастырылады. Арнайы жұмыс тобы құрылып, білім беру бағдаламасының мазмұнын жасайды. Қазіргі уақытта қандай құзіреттер керек, банкке, салық комитетіне барған кезде қандай талаптар қойылады, соларды оқытамыз.

– Қазір бағдарламаны өндіріс орындарымен, банктермен бірге жасағандықтан қажетті біліктілікті игерген түлектер тікелей барып жұмыс істей береді деп отырсыз. Тәжірибеден  бір жыл үйреніп өтудің маңызы жоқ па?

– Банктерде бұрындары тағылымдама деген мәселе болған. Бітіргеннен кейін түлекті 3 айдан 6 айға дейін тағылымдамадан өткізеді.Біз осы мәселені банктермен бірлесе отырып шештік. Яғни, өндіріс тәжірибесінен өту барысында ол тағылымдамадан өтті деп есептеледі. Тағы бір ерекшелігі, біздің серіктес Банк Центр Кредит студент тәжірибеге келген кезінде оны ақылы түрде қабылдайды. Ақы төлеу жағын қарастырады. Болашақта алып қалады. Семей өңірі бойынша кадрлардың ұстаханасы бар, ертеден қалыптасқан дәстүр деп айтуымызға болады. Ең алғашқы комерциялық банк осы Семей қаласында 1988 жылы пайда болған. Міне сол үрдіс қаржы саласы бойынша басымдық деп айтуымызға болады.Сондықтан Семей қаласында банк және қаржы саласында сапалы мамандар дайындауда өзіндік бір ізі бар деп санауға болады.

– Өндіріс орындарына да сіздер бірлескен бағдарламалар жасайсыздар, маман дайындайсыздар. Қандай өндіріс мамандарын дайындайсыздар?

– Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі  өте үлкен әдістемелік нұсқа беріп отыр. Біздің білім беру бағдарлама негізінде мамандық саны 14-тен аспайды. Біз бухгалтерлер , экономисттер даярлау, экономика, психология, құқық  саласы бойынша мамандар дайындаймыз. Бізде басымдық танытып отырған сала – туризм саласы. Бұл сала қазіргі уақытта дұрыс жолға қойылды. Туристік компаниялармен келісе отыра олардың мамандарын өзімізге сабақ беруге шақыру арқылы жұмыстар атқарып отырмыз. Бұл жерде де министрдің жүргізген соңғы реформаларына байланысты практик мамандарды көптеп тарту.

– Қазір дуалды оқытуды министр дамытыңдар деп жатыр.  Дуалды оқытуда  тәжірибе мен теорияны араластырып оқыту бойынша қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?

– Дуалды оқытуды толыққанды енгіздік деп айтпасақта оның элементтерін пайдаланамыз. Өйткені дуалды оқу Қазақстан бойынша кенже дамып келе жатқан сала. Бұның өте дамыған жері Германия деп айтамыз. Ол жерде кез келген кәсіпорын өзінің оқу орындарын өзінің қамқорына алып, өзінің саласы бойынша мамандарын өзінде тәжірибеден өткізеді.

Дуалды оқыту кезінде  кәсіпорын бірлесе отырып студент сол жерде дуалды оқитын болса, сол аралықта оның стажы еңбек кітапшасына жазуды қарастырып жатыр. Бұл өте тиімді болады деп ойлаймыз. Туризм саласында практик мамандарды тарту кезінде өте тиімді деп санаймыз. Бізде туризм саласында, Пальматур компаниясының директоры  сабақ береді. Өзінің практикалық сабақтарын өзінің кәсіпорын базасында өткізеді.

– 2020 жылы бітірген түлектердің қанша пайызы жұмысқа орналасты?

– Бізде 2020 жылғы көрсеткіш бойынша пандемия кезінде жалпы бітірген түлектердің нақты санын айтатын болсам, академия бойынша 75,53 пайызы жұмысқа тұрды. Магистратура бойынша 85,6 пайыз.

– Пандемия  жалпы білім саласына қатты әсерін тигізді. Қазір білімсіз және ешкімге керек емес маман тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба? Қашықтан оқыту бойынша қандай платформа пайдаландыңыздар?

Бұл  уақыт кез келген оқу орны өзінің артықшылық-кемшілік жақтарын көрсетті. Қазіргі уақытта «Мудл» платформасын пайдаланамыз. Оған өзіміздің жалпы ерекшеліктерімізді енгіздік. Алғаш бастаған кезде кемшіліктер болды. Интернеттің жылдамдығына байланысты, одан кейін контенттердің сапасына байланысты. Жаңа оқу жылы басталған кезде Білім және Ғылым Министрлігімен үлкен кеңес беру топтамасы жасалған болатын. Сол бойынша алгоритм сақтай отыра өзіміздің контенттің16-14 сапасын арттырдық. Содан кейін бізде ешқандай ақаулар болған жоқ.

– Осы технологияларды еңгізуде карантинде қыруар қаржы кеткен шығар.  Шығынға баттыңыздар ма? Қанша қаржы кетті ?

– Бағдарламалық технологиялар, бұның барлығы да арзан тұратын дүниелер емес. Бұған әрине шығындар кетті, бірақ оның барлығы жалпы орынды, өзін ақтайтын шығындар. Былтырғы жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткішпен айтатын болсам 70 пайызға шығындарымыз артық болды. Бірге-бір жақын. Бұны ақтап алу мәселесі сапалы білім көрсеткішінде болады. Ертең білім беру жүйесі үздіксіз болу керек, контенттер сапалы болу керек, ешқандай сабақтарда жіберу немесе босату болмау керек.

– Шығынға кеттік деп оқу ақысын көтеріп не мұғалімдердің жалақысын қысқартқан жоқсыздар ма?

– Оқу ақысын көтергеніміз жоқ, жалақы қысқарған жоқ. Студенттерге мүмкіндік берілді. Пандемия кезінде тағыда Білім және ғылым министрімен келісілген ай сайынғы бөліп төлеуге мүмкіндік бердік. Жалақы ай сайын ешқандай кешіктірілген жоқ.

– Сіздер мемлекеттік грант алмайсыздар, бірақ кәсіпорындар тапсырыс береді. Қандай грант түрлері бар?

– Бізде жергілікті гранттар бар. Оның көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда биыл өсті. Аймағымыздағы бірнеше  кәсіпорындарме тікелей жұмыс жасалады. Біз кадрларды басым түрде аймаққа дайындаймыз. Сондықтан бізге қандай кадрлер жетіспейді? Бірінші рет облыс әкімшілігі деңгейінде осы мәселелерді көтерген болатынбыз. Соның ішінде аймғымызда туризм мамандығы бойынша мамандар жетіспеушілігі анықталды. Туристік компаниялар бойынша жергілікті бюджеттен гранттар бөлінген болатын. Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде бізде қамқоршы кеңес өзінің есебінен 800-дей грант бөлді. Одан оқыған балалар қазір бітірді. 2018 жылдан бастап құрылтайшылардың есебінен «Туған жерге тағзым» деген бағдарлама енгізілген болатын. Бағдарлама бойынша талантты жастарды,ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары бал алған балаларды өзімізге тарту мақсатында, кейінгі уақытта кадрмен қамтамассыз ету үшін бізде 28 орын бөлінді.

–  Ұсақ парақорлық туралы не айтасыз? Сіздерде студенттердің сабаққа келіп-келмеуі, сессияны «бармақ басты, көз қысты» жабу деген дүние бола ма? Әлде жойып тастадыңыздар ма?

– Бұл бойынша алдын алу шаралары әрбір оқу орнында жүргізілуі керек. Бізде ие бола алмайтындай қаптап жатқан студентіміз жоқ. Шағын ғана комплекті. Біз олардың әрбір оқу процесін бақылауда ұстаймыз. Бақылау оңай. Бірінші кезекте өзімнің телефонымнан бастап блок ректораты ашық. Академияның сайтында  барлық бөлім басшыларының, кафедра меңгерушілердің барлығында почта көрсетілген. Жергілікті жас отан жастар қанаты өкілдерімен бірлесе отырып біз адалдық жәшігін құрған болатынбыз. Әр ай сайын оның ішіне түскен арыздар, шағымдар бәрін қарастырамыз. Сонымен қатар «Таза сессия, таза қол» секілді науқандар жүргіземіз.

– Жоғарғы оқу орны, білім саласы «бизнес» деген түсінікке қалай қарайсыз?

– Бизнес дегенге шын айтсам көп келіспеймін. Бұл сұрақ бізде ғана емес, басқа мемлекеттерде талдаған сұрақ қой. Қазақстанда  көп көтерілген мәселе. Енді бүкіл әлемнің тәжірибесін алып қарасақ білім беру саласы бұл жалпы табыс саласы емес. Рентабелі өте төмен сала. Бұның жалпы шығыны көп, жұмысы өте ауыр. Мысалы кәсіпорын етік өндіріп шығарды дейік. Нарыққа шығарды, бұл бизнес. Ал енді бізден шыққан өнімдеріміз студенттер ғой. Біз оны нарыққа маман ретінде шығарамыз. Тағы бір пікір бар, кез келген оқу орнының клиенті ол -абитуриент деп жатады. Ол біздің клиент болғанымен, негізгі клиентіміз жұмыс берушілер. Ертең біз кадрді кімге даярлаймыз? Жай ғана қолына диплом ұстатып нарыққа қоя беру ол дұрыс пікір емес. Негізгі клиентіміз ретінде жұмыс берушілерді қараймыз. Олар біздің кадрлерге бағасын да, жұмысқа қабылдайтын да солар. Ертеңгі уақытта қоғамымызды алдыға жылжытып, әртүрлі әлеуметтік экономикалық дамытатын да осы мамандар болып саналады.

– Білім және Ғылым Министрлігі әр университет өзіндік үлгіде диплом беру жауапкершілігін айтқан болатын. Бұл сіздерде енгізіліп қойды ма? Бізге бұл өзгеріс  не береді ? Дипломдарыңыз қандай болады?

– Бұл  үлкен бір талқыға түсіп жатқан сұрақтардың бірі. Қоғам арасында әртүрлі пікірлер бар. Бірінші кезекте өзіндік үлгідегі диплом құжат білім туралы заңда ертеректе қабылданған болатын. Асхат Қанатұлы түсіндіре отырып осы ісшара биылдан бастап жүзеге аспақшы. 2021 жылдан бастап біз өзіміздің үлгіде диплом береміз. БҒМ берген әдістемелік нұсқамасы бар, қалай жасалу керек, қандай түрдегі тармақтары болу керек, оның барлығы келісілген. Дизайны қалай жасалалады оны оқу орнының өзі біледі. Біз өзіміздің құжатымызды  ұлттық банкнота фабрикасымен келісіп, тапсырыс бердік.  Дизайн анықталды, келісім шарт жасалынды, түлектердің саны анықталды. Кез келген дипломдардың өзінің тіркеу нөмірлерінің барлығы министрлікпен беріледі. Ертеңгі уақытта жалған диплом жасау фактілерімен үлкен тосқауылдар қойылған. Ұлттық банкінде банкноталардан жасалған дипломдардың қорғаныс қабаттары жоғары деңгейде. Ол өте қымбат технология.

– ШҚО университеттер Қазақстанның емес Ресейдің ЖОО қазір бәсекеде екен. Шекара жақын болғандықтан түлектерді оқуға алып кету тенденциясы бар. Сіздер Ресеймен абитуриентке таласасыздар ғой? Бұл бағытта қалай жұмыс істейсіздер?

– Ия, бізде шекаралық салмақ болғаннан кейін Ресейдің жоғары оқу орындарының кәсіби бағдар жұмысын жүргізу компаниялары өте көп. Мектептерде балаларды сол жақта оқуға үгіт-насихат жүргізетін тенденция бар. Пандемия кезінде өзімізде жергілікті гранттар көбейту, кадрларды қалдыру  мәселесі жүріп жатыр. Үлкен ірі қалаларға ғана емес,  бізге шекаралас жатқан аудандарға балалардың кетуінің алдын алу шараларын жасап жатырмыз. Шетелде не Ресейде білім сапасы жоғары деген мифті тоқтатуымыз керек. Тәжірибеде көрсетіп отыр бізден бітіріп барған мамандар ол жақта жұмысқа орналасып жақсы білікті маман болып жұмыс жасап жатыр. Оны кез келген ақпарат құралдарынан көп жерден көруімізге болады.

– Қазақстанның өзге өңірлерінде филиалдарыңыз бар ма? Ресейдің кіші қалаларында оқып жатқан студенттерге сол елдің азаматтығын беру кепілдігі бар деген рас па?

– Шет елдерге, Ресейге кетудің алдын алу мақсатында  Томскіде, Барнауыл қалаларында өзіміздің филиалдарды ашу мәселесін қойып отырмыз. Ертеңгі уақытта құжатын бізге тапсырып сол жерге оқып, сол жерде қалады ма жоқ па өздері шешеді. Оларда  студенттерді тарту мақсатында, түлектерге көптеген гранттардың көлемін кеңейтіп  және азаматтық беру мәселесін де қарастыруда. Бұның барлығы да өзіміздің мемлекеттік қауіпсіздігіміз ғой, бізден шыққан талантты жастарымыз өзімізде қалып өзіміздің кадрларымыз болуы керек деп ойлаймыз. Сондықтан осы бағытта біз жұмысымызды жүргіземіз, түсіндірме жұмыстарын жасаймыз, білім сапасын жоғары деңгейге көтеруге сол бағытта жұмыс істейміз.

– Қоғаммен байланыс, арнайы департаментінің құрылуы не себепті?

– Негізгі айналысатын бағыты түлектермен жұмыс жасау,оларға кәсіби бағдар беру, бағдармаларымызбен таныстыру, оларды кәсіби бағыттау. Екіншіден бізден бітіріп шыққан түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін қарастыру. Ол бітіріп шыққанға дейін бірнеше іс шара атқарылады, оның ішінде түлектердің қай жерге жұмысқа баруы алдын ала болжам жасалынады, еңбек нарығы оқып зерттелінеді, қай  мекемеде қаншалықты қажеттілік бар, қандай ұсыныстар бар, тағысын тағылар. Бізде желтоқсанда дәстүрлі түрде өтетін еңбекпен қамту декадасы өткізіледі. Осы декадада кәсіпорын қызметкерлері, басшылары шақырылады. Ол өндіріс тәжірибенің алдында өткізіледі. Одан кейін бізде дәстүрлі түрде өткізілетін түлектер жәрменкесі. Міне осындай ісшараларды жүйелі түрде жүргізу арқылы еңбекпен қамтудың деңгейін арттырамыз.

– Рахмет! Білім сапасы арта берсін. Үздіктілеріңіз көбейсін. Банкирлер шыға берсін деген тілек білдіремз.

– Сіздерге де рахмет үлкен сұхбаттарыңызға!

Back to top button