BasNewsЖаңалықтар

Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Facebook-те жазды, – деп хабарлайды BasNews.kz.

«Құрметті достар! Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар», – деп жазды Сенат депутаты.

Back to top button