BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды BasNews.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 28 сәуірдің кешімен салыстырғанда 1,49 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 427,81 теңге болды.

Ұлттық банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429, 33 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428,77 теңге, сатып алу – 427,28 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427,50 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 428,60 теңге.

Айта кетейік, АҚШ ақшасы үш күн қатырынан арзандап жатыр. 28 сәуір күні 0,24 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,18 теңге болды.

Back to top button