BasNewsЖаңалықтар

«Сергек» арқылы алматылықтарға 7 млрд теңге айыппұл салынды

Алматы қаласының бюджетіне «Сергек» камераларынан 2020 жылдың қаңтарынан бастап жеті млрд теңге түсті. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының бастығы Ернұр Абжахан қалалық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясында айтты, деп хабарлайды BasNews.kz.

Ернұр Әбжаханның айтуынша, бүгінгі күні қалада 2284 «Сергек» бейне-бақылау камерасы жұмыс істеп тұр.

«2020 жылдың қортындысы бойынша, жолдағы өлім-жітім 48%, жол-көлік оқиғалары 29%, жарақат алған адамдармен болған жол-көлік оқиғалары 30% төмендеді. 16 айда қала бюджетіне 7 миллиард теңге түсті », – деді спикер.

Оның айтуынша, «Сергек» жүйесі жол ережелерін бұзушыларды анықтауға мүмкіндік берді. Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 25 бұзушы, жалған мемлекеттік тіркеу белгілері бар 9 бұзушы, жол ережесін тұрақты бұзушылар анықталды. Жалпы, 144,6 млн теңге сомасына 11 мыңға жуық ұйғарым шығарылды.

«Сондай-ақ, әділет және мемлекеттік кірістер департаментімен бірге салық берешегі бар және 1,2 млрд теңгеге алимент төлеуден жалтаратын тұлғалар анықталды. Мұндай борышкерлердің 23 көлігі қарызды төлеуге дейін мамандандырылған айыппұл тұрақтарына орналастырылды»,-дейді спикер.

Back to top button