BasNewsЖаңалықтар

Алматыда Елбасы бейнеленген мурал пайда болды

Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мурал пайда болды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Сурет Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй жанындағы кішігірім нысанның қабырғасына салынған.

Муралда Elbasy forever young деген жазу бар, бұл «Елбасы – мәңгі жас» деген мағынаны білдіреді.

Сурет әлеуметтік желілерде жарияланды.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы бұл мұралға еш қатысы жоқ екенін хабарлады.

Еске салайық, былтыр Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасында эстрада жұлдызы – Димаш Құдайбергенов бейнеленген мурал пайда болған еді.

Кейін Димаш Құдайберген өзі салынған суретке қатысты ойын білдірді.

«Алматы қаласында Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің «сыйлығын» көргенде іштей алғысымды білдірдім. Алайда, Димаш Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім. Қазіргі таңда, осынша қиын жұмысқа еңбегі кеткен азаматтарға алғыс айтуды жөн көріп отырмын. Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін. Және барша қолдаушыларыма шын жүректен алғыс білдіремін.Үлкен рахмет!»,– деп жазды Димаш Құдайберген.

Back to top button
Close