BasNewsЖаңалықтар

Алматы мен Шарджа арасындағы әуе рейстері қайта жанданады

Air Arabia әуе компаниясының рейстері қайта ашылатын болды, деп хабарлайды BasNews.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес, 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы әуе рейстері қайта жанданады.

Ұшақ аптасына 3 мәрте қатынайды.

Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді «Air Arabia» әуе компаниясы 21 мамырдан бастап қайта жалғастырады.

«Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (3, 5 және 7 күндері бойынша) орындалады» делінген комитеттің хабарламасында.

Back to top button
Close