BasNewsЖаңалықтар

Президент Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады

Конституциялық Кеңес Қазақстан Президентінің өтінішін іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды BasNews.kz ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

«Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады», делінген хабарламада.

Конституциялық Кеңес регламентінің 5-2-тармағына сәйкес аталған мәселелерге маманданған құқық қорғау, ғылыми және өзге де ұйымдар мен азаматтар Конституциялық Кеңеске өз қорытындыларын е-mail: gulmira@ksrk.gov.kz жолдай алады.

Back to top button
Close