BasNewsЖаңалықтар

Әлемдік техникалық университеттер рейтингінде ҚазҰАУ үздіктер қатарынан көрінді

Қазақстан Жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингісінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды BasNews.kz.

QAA-ranking агенттігінің қорытындысы бойынша техникалық ЖОО-лар рейтингінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 11 жоғары оқу орнының арасында топ жарып үшінші орынды иеленді. Бұл туралы университет ректоры Тілектес Есполов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Университет ұжымын жаңа жетістігімен құттықтаймын және ғылыми, білім беру қызметінде, шығармашылық белсенділікте нәтижелі табыстар тілеймін», деп жазды ректор. 

Атап өтерлігі, жақында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен өткен есептік онлайн кездесуде министр әлемдік QS рейтингісіне 2021 жылы жоспар бойынша Қазақстанның 14 ЖОО-ның кіруі мүмкін деген еді. Ішкі рейтингте үштікке енген зерттеуші мәртебесі бар Аграрлық университет үшін QS межесі 2024 жылға дейін ең үздік төртжүздікте алдыңғы орындардан орын теуіп, әлемдік университетке айналу болмақ. 

Back to top button