BasNewsЖаңалықтар

Өзбекстанда самбодан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы нәтижелі өнер көрсетті

Самбодан Өзбекстан астанасында аяқталған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы нәтижелі өнер көрсетті, деп хабарлайды BasNews.kz.

11 елдің спортшылары бақ сынаған бәсекеде Маңғыстаулық қыз -жігіттер үш медальға қол жеткізді. Мұхамемед Зұлхарнаев Азия чемпионы атанса, Айкүн Рахметова күміс, Мерейлім Кеңесбек қола жүлдегер атанды. Спортшылардың барлығы да “Жас батыр” спорт мектебінің шәкірттері. Осы орайда мектеп басшысы, Маңғыстау облысы самбо федерациясының вице президенті Манарбек Бисекеновпен сұхбаттасқан едік.

– Манарбек Жұбатханұлы шәкірттеріңіздің жетістігімен құттықтаймын. Жас батырлықтардың жеңісті жолы биыл да жалғасты. Қоржында алтын да, күміс те , қола да бар. Бұл жетістік алғашқы да емес жылда медальсыз қайтпайсыз . Сыры неде ?
– Бұл үрдіс жылда жалғасып келеді. Себебі мектебімізде жаттықтырушылардың кеңесі бар. Сол кеңесте қай баладан қандай нәтиже күтеміз, қай баламен дайындықты күшейту керек жоспар құрылады. Міне сол жоспар өз жемісін беріп келеді. Бұл кеңесте ҚР еңбек сіңген жаттықтырушылары : Сергей Волобуев , Берік Жұмағалиев, Айбек Жанболатұлы секілді бапкерлермен ақылдасып бір шешімге келеміз және сол бойынша еңбектенеміз.

Қазақстан құрамасы сапында 6 маңғыстаулық спортшы бақ сынады . Үш медаль нәтижеге көңіл тола ма ? Жоспар қандай болды?
-Иә, Қазақстан құрама командасының сапында 6 спортшымыз бақ сынады. Олардың үшеуі нәтижеге қол жеткізді. Жарысқа жасөспірімдер ,жастар арасындағы спортшыларымыз өте тың келді. Жақсы дайындықта болды. Ал ақпан айынан бері ересектерімізге тыным болған жоқ. Оның үстіне Шымкентте 18-күн жаттығу жиыны өтті. Ауа-райы да спортшыларымызға қолайсыз болды. Ташкентке күн райын 46-50 градусқа дейін ыстық болды. Қалыпқа келу қиын жүрді деп ойлаймын. Көңіл толады,спорт болған соң біреу ұтады,біреу ұтылады . Негізгі мақсат – әлем чемпионатында жүлдегер ,жеңімпаз атану. Солай өз үрдісімізді жалғастырамыз деп ойлаймын.

-Жүлдесіз қалғандар сапында өткен жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Нұрбек Қуанышұлы, Нұркен Домбаев сынды тәжрибелі спортшылар бар. Олардың өнеріне қатысты не айта аласыз?
-Ия, жүлдесіз қалған үш спортшымыз бар,үшеуіде тәжірибелі спортшы. Олжас Сүлейменов -Москвада өткен әлем кубогында ересектер арасында үшінші орын алған болатын. Ол спортшымыз осы жарыста өзін жақсы сезіне алмады,дайын болмады десек те болады. Өйткені оған қарсылас аз болды. Жаттығу жиынына барған кезде де жаттығу азырақ болып қалды деп ойлаймын. Қыркүйектің басында Маңғыстау облысында ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогын өткіземіз деген жоспар бар. Сол жарыста ересектер сапында бақ сынайды. Жақсы нәтиже көрсетіп, алдағы әлем чемпионатында жетістікке жетеді деген ойдамыз.

Нұркен Домбаевқа келетін болсақ, ол өте тәжірибелі спортшы. Бұған дейін 52 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионатында екі рет жүлделі болған, Азия чемпионатында үш рет жүлдегер болған. Биыл 58 кг ауысты Қазақстанның жеңімпазы атанды. Бірақ Азия чемпионатында өзін жақсы көрсете алмады. Спортшылар бір салмақтан келесі салмаққа ауысқанда өзін жақсы сезіне алмайды.

Ал, Нұрбек Қуанышұлы ел чемпионы болған спортшы,бұған дейін де Азия чемпионатында жүлдегер,жеңімпаз болған әлем чемпионы. Өзін көрсету керек еді,өкінішке орай көрсете алмады . Жарыста төрешілерді немесе спортшыны кінәлай алмаймыз. Енді тек қателіктермен жұмыс жасаймыз.

-Азия чемпионы болған Мұхаммед Зұлхарнаев дзюдо мен самбода қатар жүр. Жетістігі жақсы. Неге біреуіне бет бұрмасқа? Мәселен дзюдоға ауыр салмақты спортшылар керек – ақ?                    -Азия чемпионы болған Мұхаммед Зұлқайнар дзюдо мен самбоны қатар алып жүр. Неге біреуін тандамайды дейтін болсақ ол самбоға бапкерлердің шешімімен биыл келді. Бұған дейін дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан,Азия чемпионы болған спорт шебері атағын орындаған. Ал самбо күресіне ауысқаннан кейін Қазақстан чемпионы болды,енді міне Алланың қалауымен Азия чемпионы болып отыр. Жоспарымыз әлем чемпионы болу. Ал әзір біз оны дзюдоға саламыз деген ойымыз жоқ. Өйткені қазіргі мақсат- әлем чемпионатын ұту. Ұтқанан кейін дзюдоға ауысамыз Алла қаласа.

– Чемпиондардың енді жоспары қандай?
-Чемпиондардың жоспарына келетін болсақ жалпы дене дайындығымен жұмыс жасаймыз. Спортшылардың барлығы физикалық тұрғыда жұмыс жасауы керек. Әрине демалыста керек. Ол үшін Ұлттық құрама мүшелерін оның ішінде Нұркен Домбаев ,Айкүн Рахметова, Мұхаммед Зұлхарнаевтарды Турцияға демалысқа жіберейін деп жатырмыз федерациямен келісіп.

-Самбо федерациясы жоспары ?
– федерацияның жоспары жетерлік . Соның бірі – биыл Қазақстан Республикасының
ересектер арасындағы кубогын Ақтауда өткізу. Келесі жылдың ақпан айында ересектер арасында Қазақстан чемпионатын өткізу мақсаты да тұр. Әлем, Азия чемпионаттарының іріктеу кезеңдерін өткізгіміз келеді. Ол үшін облыстық федерация атынан, спорт басқармасы атынан Азия федерациясына
арнайы ұсыныс жасадық. Оны халықаралық ұйым өзінің конгресінде қарап, бізге арнайы комиссия жібереді. Келгенен кейін бір шешім шығарып біздің өңірге береді деп ойлаймын. Алла қаласа Маңғыстаулық жанкүйерлер келесі жылы маусым айында Азия чемпионатын Ақтау қаласында тамашалайтын болады деп ойлаймын.
Әрине бастысы- осы күзде болатын әлем чемпионатында жақсы жетістіктерге жетіп, елімізді қуанту.

-Сұхбатыңызға рахмет. Спортшылар жарақттан ада болып, сәтті өнер көрсетсін!

 

Back to top button