BasNewsЖаңалықтар

Бұршақ, найзағай: Еліміздің барлық дерлік өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 22 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.

Алматы облысының таулы аудандарда қатты жанбыр болады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ Алматы облысындағыІле Алатауы, Жетісу Алатауында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Қырғыз Алатауында: өткінші жаңбыр, күндіз қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 25 м/с артады.

Батыс Алтайда: жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын күтіледі. Сондай-ақ найзағай, бұршақ болжанады. Батыс, солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Тарбағатайда: кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс желі 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысында 36 градусқа дейінгі қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі болжанады.

Алматы қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желі найзағай кезінде 15 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с артады. Күндіз кей жерлерде 42 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +39 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с артады.

22 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, 23 м/с артады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

22 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, 24 маусымда таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. 22-24 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Back to top button