Жаңалықтар

Алматы қаласы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің және Алматы қаласы әкімінің келісімі бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы тағайындалды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Қ.Таймерденов 1976 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1995 жылдан істейді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 2012-2017 жылдары Алматы қаласы полиция департаментінің бірінші орынбасары болды. Осыдан кейін Маңғыстау облысының полиция департаментіне басшылық етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button