Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғаны анықталды

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Сарбаз бен оның бауыры газдан уланған, бауыры Шымкентте сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген. Осыған дейін БАҚ-тарда екі сарбаздың қайтыс болғаны туралы хабарланды, ол қате мәлімет», – деді министрлік өкілдері редакция тілшісіне.
Осыған дейін Шымкенттің ТЖД қызметкерлері №556/52 әскери бөлімінің екі қызметкері қайтыс болғанын хабарлаған еді. Алайда министрлік ол ақпаратты жоққа шығарып отыр.
«Қайтыс болғандардың бірі – офицер, шені – аға лейтенант. Оның бауыры – әскери қызметкер емес. Олар осы жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Қайғылы оқиға қызметтен тыс уақытта болған», – деді Қорғаныс министрлігіндегілер.
Министрлік қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтады.
Қайғылы оқиғаны ішкі істер органдары тергеп жатыр.



