BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандық қыз Қырғызстанда өлі табылды

15 шілдеде Ыстық көлде жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандықтың мәйіті жексенбі, 1 тамызда Қаракөл шатқалынан табылды. ТЖМ қызметкерлері қазақстандықтың мәйітін судан алып шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап.

15 шілдеде қазақстандық қыз отбасымен бірге Қаракөл-Алакөл жайылымына келген. Бір кезде ата-анасы отын алып келуге кеткен. Ал қыздары қалған. Сол күннен бері оны ешкім көрмеген.

16 шілдеден бастап Ақсу ауданы мен Қаракөлде 17 құтқарушы іздеу жұмыстарына шықты. Артынша қосымша күш жіберілген, алайда нәтиже болмады.

ТЖМ мәліметінше, олар Қырғызстанға Ресейден келген, үш адам Ресей азаматы, екеуі – қазақстандық.

Back to top button