BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда соңғы тәулікте 149 адам КВИ мен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Бір тәулікте 149 адам қайтыс болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оның ішінде коронавирус анықталған науқастар саны 124, ал коронавирус сынамасы теріс пневмониядан қайтыс болғандар – 25.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 04 тамыздағы ақпаратты жариялады.

4 тамыздағы мәлімет бойынша 107 016 адам коронавирус инфекциясынан (103 986 КВИ+ және 3 030 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде

  • 29 325 пациент стационарда,
  • 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  •  1 786 адамның жағдайы ауыр,
  •  412 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  209 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Back to top button