BasNewsЖаңалықтар

Олимпиада-2020: Сәкен Бибосынов қола медаль алды

Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Basnews.kz. Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты.

Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті.

Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет Олимпиада алтыны жоқ.

 

Back to top button