BasNewsЖаңалықтар

Петропавлда бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Петропавлда бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті бір күн бұрын, кешкі сағат он шамасында ұсталған. Ер адам қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Петропавлда бір апта ішінде бала зорлаудың екі фактісі тіркелді.

«Екі жағдайда да күдіктілер «ізі суымай» ұсталды. Қазір істің барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты, объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес айтылмайды», – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Қылмыстардың тергелуі полиция департаменті мен облыстық прокуратура басшылығының ерекше бақылауында. Әрбір іс бойынша процесс прокуроры анықталған.

Back to top button