BasNewsЖаңалықтар

Желіде 50 мың теңге өтемақы «алып бергіш» аккаунттар пайда болды

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеуге уәде беретін аккаунттар тағы да пайда болды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Хабарламада өтініш беруші банктік шотқа 3 120 теңгені аударуы қажеттігі айтылады.

Әр жолы пайдаланушыларға 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлеуге «100% кепілдік беріледі», деп хабарлайды Stopfake.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемдер туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қызметтер үшін 3120 теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қандай да бір төлемдерді міндетті түрде аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды,- делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Back to top button