BasNewsЖаңалықтар

Әнші Бүркітке айыппұл салынды

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Royal Tulip Almaty қонақүйіндегі жиынға байланысты істе жаңа деректер анықталғанын айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мәліметінше, қазақстандық әнші Бүркітке (Айбек Жансейітов – ескерт.) ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 30 АЕК-ке (87 мың теңге) айыппұл салған.

«Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іс-шараның қалған қатысушыларына мониторингтік топ шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр, оларға да әкімшілік шаралар қабылданылады», – деді департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, 8 тамызда карантинді бұзып Royal Tulip Almaty қонақүйінде жұлдыздар қатысқан шара өткен. Олар Black Star Burger-дің ашылуын тойлаған.

Бұған дейін іс-шараны ұйымдастырушы, қонақүй менеджері, әнші Луина және оның жұбайына айыппұл салынғаны хабарланған болатын.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button