BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Пойыз қозғалысының бір жолы түнгі 02.15-те ашылды. Бірінші болып контейнерлік пойыз, одан кейін Шымкент – Нұрсұлтан бағытындағы № 712 «Тальго» жолаушылар пойызы өтті. Қарсы бағыттағы қозғалыс таңғы 8.20-да ашылды», – делінген хабарламада.

Қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына арнайы теміржол және автотрактор техникасы, 75 жұмысшы жұмылды.

Ақпарат алу үшін жолаушылар 105 нөміріне хабарласа алады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button