BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны азайды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 869 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 16 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 869 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 701 345-ке жетті», – делінген хабарламада.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 632,
- Алматы қаласында – 1517,
- Шымкент қаласында – 450,
- Ақмола облысында – 285,
- Ақтөбе облысында – 300,
- Алматы облысында – 383,
- Атырау облысында – 562,
- Шығыс Қазақстан облысында – 256,
- Жамбыл облысында – 171,
- Батыс Қазақстан облысында – 65,
- Қарағанды облысында – 1101,
- Қостанай облысында – 273,
- Қызылорда облысында – 148,
- Маңғыстау облысында – 152,
- Павлодар облысында – 330,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 161,
- Түркістан облысында – 83.



