BasNewsЖаңалықтар
Президент Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Бері Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021″ шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады», – деп жазды Берік Уәли.
Ертең, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізетіні де хабарланды.
«Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады», – деді баспасөз хатшы.



