BasNewsЖаңалықтар
Ақтауда жылқылар қоқыстан азық іздеп жүр

Ақтауда жылқылар қоқыс контейнерлерінен азық іздеп жүр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Лада порталына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын Рафаэльдің айтуынша, бүгін таңертең, 22 тамызда 6-шағынауданда жылқыларды көрген.
«Ашыққан жануарлар бұта жапырақтарын жеп тұрса жарайды, бірақ контейнерлерді ақтарғаны. Олар тағдыр тәлкегіне түскені ме?» – дейді Рафаэль.
Lada.kz құзыретті органдардан түсінік күтіп отыр.

Еске салайық, тамыздың басында қала тұрғындары «Ақбота» саябағында, 8-шағынаудандағы №14 үйдің артында және 6-шағынаудандағы №21 үйдің маңындағы ағаш жапырақтарын жеп жатқан жылқыларды видеоға түсірген болатын.
Бір аптадан кейін «Каспийская звезда» тұрғын үй кешені маңындағы жағалауда қараусыз жүрген жануарлар видеоға түсірілді.



