BasNewsЖаңалықтар

Асқар Мамин Ashyq қатысушыларына жеңілдіктер енгізуді тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин жағдай тұрақталған өңірлерде Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жеңілдіктер қарастыруды тапсырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Жағдайы тұрақталған өңірлердегі ведомствоаралық комиссияға демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарауды тапсырамын. Ералы Лұқпанұлы, бұл сіздің бақылауыңызда», – деп тапсырды Мамин Үкімет отырысында.

Жалпы, оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, вирус жұқтыру деңгейі біртіндеп төмендей бастаған.

«Өткен аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды, қазір – 0,93. Сонымен қатар, Түркістан облысынан басқа барлық өңір «қызыл» аймақта. Инфекциялық төсектердің толуы 49 пайыз және реанимациялық төсектертер – 46 пайыз. Барлығы 6,5 миллионға жуық адам бірінші компонентпен егілді, екінші компонентпен 5 миллионнан аса адам егілді. Вакцинация науқанын одан әрі күшейту қажет», – деді Асқар Мамин.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button