BasNewsЖаңалықтар

Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырып ауруханаға түсті

Қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырып, Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әубәкіров 21 тамызда Президент Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасына денсаулық жағдайын айтып жүгінген. Ол жөтел, тершеңдік және жалпы әлсіздік барын айтқан. Оның үйіне барған жедел жәрдем қызметкерлері ПТР-талдауына үлгі алған. Нәтиже оң болған.

Дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровке рецепт жазып, емдеу бойынша ұсыныстар берген.

24 тамызда таңертең дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровпен сөйлесіп, оны жұқпалы аурулар орталығына баруға көндірген. Ол орташа ауыр дәрежедегі COVID-19 жұқтыру, екі жақты полисегменталь пневмония КT-1 диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Әубәкіров вакцина салдырған. Ол вакцинаның екінші компонентін 17 сәуірде алған.

Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы тарихта ғарышты бағындырған бірінші қазақстандық болды. Ол КСРО-ның 72-ші және соңғы ғарышкері, Қазақстан Әскери әуе күштері генерал-майоры. 27 шілдеде ол 75 жасқа толған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button