BasNewsЖаңалықтар
Демалыс күндері мекемелерге «жасыл» мәртебесі адамдар ғана кіре алады

Вакцина алған және жеті күн ішінде ПТР-сынамасын тапсырғандар ғана 28 тамыздан кейін демалыс күндері мекемелерге кіре алады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев растады.
- қызметкерлерінің Ashyq-та «жасыл» мәртебесі бар мекемелер ғана жұмыс жасай алады;
- мекемелерге тек вакцина алған және ПТР-анықтамасына жеті күн өтпеген тұрғындар ғана кіре алады.
Мекемелер түн ортасына дейін, ал Ashyq «көшбасшылары» түнгі екіге дейін жұмыс істей алады.
Байтанаевтың айтуынша, келушілер үшін шектеулер тек демалыс күндері қолданылады.



