BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан 141 адам қайтыс болды

Қазақстанда 24 тамызда коронавирус пен пневмониядан 141 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
ПТР анализі расталған (КВИ+) 115 адам коронавирустан, ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 26 адам пневмониядан (КВИ-) қайтыс болды.
26 тамыздағы мәлімет бойынша, 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (111 242 КВИ+ және 6 324КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 27 244 пациент стационарда,
- 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 857 адамның жағдайы ауыр,
- 516 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 208 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.



