BasNewsЖаңалықтар
Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандардың саны 9-ға жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандардың саны 9-ға жетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталып жатыр», – делінген жедел штаб мәлімдемесінде
Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД-ның 49 қызметкері түскен.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан бес әскери адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.



