BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан тағы 131 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 131 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
26 тамыздағы дерек бойынша, коронавирустан 104, пневмониядан 27 адам көз жұмған.
28 тамыздағы мәлімет бойынша, 114 764 адам коронавирус инфекциясынан (–108 064 + және 6 700 КВИ-) емделіп жатыр:
- 25 694 пациент стационарда,
- 89 070 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 810 адамның жағдайы ауыр,
- 506 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 308 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.



